Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Аудан әкімі Б. Болатбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі Б. Болатбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
ашық дереккөз
Аудан әкімі Б. Болатбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Аудан басшысының қабылдауына жазылған 14 азамат тұрғын үйге газ тарту, азаматтық алу, қызметтік пәтер алу, жер алу мәселелері сынды сұрақтармен жүгінді, деп хабарлайды NAQ.kz аудан әкімдігінің ресми парақшасына сілтеме жасап. Атап айтқанда, Әлжан ана ауылының тұрғыны С.Елубаев 2012 жылы Өзбекстан Республикасынан көшіп келіп, 2019 жылдың ақпан айында көші-қон полициясына азаматтық алу үшін құжаттарын тапсырған. Алайда, бүгінгі күнге дейін құжаттарын әлі ала алмаған. Ал, Сортөбе ауылының тұрғыны С.Чоганбаева ауылдан алған тұрғын үйін рәсімдеуге және газ жүргізуге ықпал етуге көмек көрсету бойынша өтінішпен жүгінген. Аудан әкімімен жеке жүздесуге келген өзге азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үй мәселесін көтерген.  width= Аудан тұрғындарының өтініштері мен арыз-шағымдарын жауапты сала басшыларымен бiрге мұқият тыңдаған Бегзат Сейсенқұлұлы айтылған мәселелер назарға алынып, заң аясында орындалатынын жеткізді. Бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне: «Халықтың мәселесін жергілікті жерде түсіндіріп, оны шешуге көмектессеңіздер, халық басқа жақтан жауап іздемейді», - деген аудан әкімі қабылдауда айтылған жайттарды шешуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.  width=

Ұқсас жаңалықтар