Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Қазақ күресінен 2008-2009 ж.т кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнирі өтті

Қазақ күресінен 2008-2009 ж.т кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнирі өтті
ашық дереккөз
Қазақ күресінен 2008-2009 ж.т кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнирі өтті
3-4 қараша күндері Қордай ауданы, Қарасу ауылындағы спорт кешенінде Өтеген Өтеғұлұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен 2008-2009 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында облыстық турнирі өтті. Аталған жарысқа Тараз қаласы мен Жамбыл, Жуалы, Талас, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Сарысу және Қордай ауданы командаларынан 100-ден астам балуандар боз кілемде күш сынасып, өз шеберліктерін көрсетті.  width= Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы алғашқы құттықтау сөзінде ұлттық спорттың дамуы, оның ішінде қазақ күресіне ерекше мән беруге болатынын айтып, өз үлестерін қосқан Өтеген батыр ұрпақтарына алғысын айтып, жас балуандарға сәттілік тіледі.  width= Сонымен қатар, Жилкибеков Шернияз ақсақал спортшыларға батасын берсе, қарияға шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Айта кету керек, Өтеген батыр жүлдесіне арналған турнир алдағы уақытта республикалық турнир болып, күнтізбелік жоспарға енгізуге тиісті жұмыстар жүргізілуде.  width= Осы жарыста Қордай ауданының балуандары жүлделі орындарға ие болып,  қапы қалмады. Жүлделі орындарға ие болған балуандар медаль, диплом және ақшалай қаражатпен марапатталды.  width= Қордай ауданының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар