
Қордайда құс шаруашылығы қарқынды дамуда
Елімізде ірі қара мал етінен кейін ең көп тұтынылатыны құс еті екен. Мұның бір себебі – құс етінің өзге еттерден бағасының салыстырмалы түрде төмендігінен. Десе де, өзге азық-түлік тауарларымен бірге құс етінің бағасы жылда тұрақты түрде қымбаттап келеді.
Бағаның қымбаттауының себептері көп, алайда ең бастысы – құс етінің басым бөлігі елімізге Ресей мен Белорусь және өзге шетелдерден әкелінеді. Осы ретте елімізде құс етін өндіру мәселесіне көңіл бөлінуде. Бұл жұмыс Қордай ауданы басшылығының да назарында. Ауданда құс етін өндіруді «ECO CHICKEN» құс фермасы бастады. Бұл жобаны аудандағы белгілі «Қордай-Корм» ЖШС-нің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Талғат Сарсенбаев қолға алған.
Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиналыста аудандық «ECO CHICKEN» брендінің дамуына қолдау көрсету мәселесі қаралды. Жиынға аудандық әкімдік қызметшілері және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Онда аудан әкімі құс бағуға арналған «сендвич-панельдерден» құрастырылған модульдерді орналастыруға жер бөлу және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге көмектесу жайын айтты. Себебі, бұл проект өте тиімді және осы іспен айналысқан адамға табысты кәсіп болмақ.
Бегзат Болатбеков жауапты мамандарға аталған мәселелерді барлық жағынан қарастырып, тұрғындар арасында құс шаруашылығымен айналасу тиімділігі жөнінде ақпараттар ұсынуды тапсырды. Ондай ақпаратты «ECO CHICKEN» АӨК-нің қызметкерлері толықтай айтып беріп отырады. Қордай ауданының әкімдігі



Келесі мақала
Қордай ауданы әкімдігінде 9 айдың қорытындысы қаралды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024