Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Жамбыл облысында KAZIND-2023 оқу-жаттығуы аяқталды

Жамбыл облысында KAZIND-2023 оқу-жаттығуы аяқталды
ашық дереккөз
Жамбыл облысында KAZIND-2023 оқу-жаттығуы аяқталды
Халықаралық Қазақстан-Үндістан оқу-жаттығуларының жабылу салтанатына Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нагендра Прасад қатысты, деп хабарлайды NAQ.kz Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.  width= "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің "Мәтібұлақ" полигонында Қазақстан мен Үндістанның терроризмге қарсы бірлескен Kazind-2023 оқу-жаттығуларының соңғы кезеңі өтті.  width= Екі елдің әскери қызметшілері заңсыз қарулы құралымның содырлардан тұратын шартты топтарын басып алу мен жою жөнінде бірлескен операциялар жүргізді.  width= Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінің алдында бірқатар нұсқаулық-әдістемелік сабақтар мен тренингтер өтті. Онда Қазақстан-Үндістан біріккен батальонының әскери қызметшілері бірлескен іс-қимылдардың элементтерін кезең-кезеңімен зерделеді.  width= Kazind-2023 терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулары барысында Қазақстан мен Үндістанның әскери қызметшілері тағы бір рет жауынгерлік үйлесімнің жоғары нәтижесін көрсете білді.    width=    width=

Ұқсас жаңалықтар