Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Жамбыл облысы аумағындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жамбыл облысы аумағындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай
ашық дереккөз
Жамбыл облысы аумағындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай
Облыс бойынша қызылшаға күдікті 2398, оның ішінде расталған 1866 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 153,4.

Аудандар бойынша: Тараз қаласы 1191 жағдай (267,1 көрсеткішпен); Меркі ауданы 147 жағдай/көрсеткіш 166,1; Байзақ ауданы 137 жағдай/көрсеткіш 130,0; Шу ауданы 111 жағдай/көрсеткіш 104,5, Жамбыл ауданы 76 жағдай/көрсеткіш 98,3; Қордай ауданы 102 жағдай/көрсеткіш 68,2; Сарысу ауданы 43 жағдай/көрсеткіш 97,4; Т.Рысқұлов ауданы 26 жағдай/көрсеткіш 38,6; Талас ауданы 17 жағдай/көрсеткіш 34,7; Жуалы ауданы 14 жағдай/көрсеткіш 25,7; Мойынқұм ауданы 2 жағдай/көрсеткіш 7,0 тіркелді.

Қызылшамен ауырған науқастардың жас құрамы: 1-4 жастағы балалар 49,8 пайыз (930), 1 жасқа дейінгі балалардың үлесі 17,5 пайыз (327 жағдай), 5-9 жастағы балалар 9,9 пайыз (185), 10-14 аралығындағы балалар 4,9 пайыз (92 жағдай), 15-19 жастағы жас өспірімдер үлесі 2,8 пайыз (53 жағдай), 20-29 жастағылар 5,44 пайыз (102), 30 жастан жоғары ересектер 9,5 пайыз (177 жағдай).

Кәсіби құрамы бойынша үлесі жоғары кәсіби топтар ұйымдастырылмаған балалар 51,1 пайыз, мектепке дейінгі бала бақшадағы балалар 20,0 пайыз, оқушылар 12,0 пайыз, жұмыссыздар 8,6 пайыз.

Қызылшамен ауырған науқастардың қызылшаға қарсы егілу мәртебесіне талдау ақпараты: екпеден бас тартқандар 516/27,6 пайыз, уақытша және тұрақты қарсы медициналық көрсеткіштері бар егілмеген 430/23,0 пайыз, екпе туралы мәліметі жоқ науқастар саны 327/17,5 пайыз, екпе алу жасына жетпегендер 331/17,7 пайыз, екпенің толық курсын алмағандар 191/10,6 пайыз, толық егілгендер 64/3,4 пайыз.

Індеттің алдын алу мақсатында 3784 ошақ бақылауға алынды. Оның ішінде 3125 үй ошақтары, 659 ұйымдастырлған ошақтар. Аталған ошақтарда 15102 қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, медициналық бақылау алынды. Олардың қызылшаға қарсы екпе мәліметтеріне талдау жасалып, 151 адам эпидемиялық көрсеткіштер бойынша егілді.
Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 

Ұқсас жаңалықтар