
«Ауыл аманаты» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Ел Үкіметі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту әрі әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқаны мәлім.
Ал, жобаны жүзеге асыру мақсатында биыл қазынадан 52 миллиард теңге бөлінген. Жалпы, өңіріміздегі 11 ауылдық округте бұл жобаны пилоттық іске қосу нәтижесінде ауылдардағы орташа айлық табыс 1,7 есеге, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есеге және жұмыссыздық деңгейі біршама қысқарған.
«Ауыл аманаты» жобасының игілігін көргендердің қатарында Талас ауданына қарасты Ойық ауылдық округінің тұрғындары да бар. Дәл осы жобаның ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бағыты бойынша бас-аяғы 112 округ тұрғынына несие келісімі беріліп, ауылдықтар жалпы құны 554 миллион 140 мың теңге қаражат алған.
Ал, жыл басында кооперативті жабдықтау және құру бағыты аясында «Ойық Ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған. Мақсат Қожатаев басшылық ететін кооперативтің құрамында «Бейбіт», «Ерлан» және «Татан» шаруа қожалықтары бар.
Есен ӨТЕУЛІ
Талас ауданы
Келесі мақала
Ел еңсесін тіктейтін бірегей жоба
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024