
Ел еңсесін тіктейтін бірегей жоба
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы табиғи газ бен таза ауыз суға зәру талай-талай ауылдықтардың үміт отын қайта жаға бастағандай. Олай дейтініміз, осынау бағдарлама аясында көптеген елді мекендердің тұрмыс-тіршілігі қаладан бір мысқал кем болмай, шұрықтай тесік жолдары тақтайдай тегіс болып шыға келді. Осыдан-ақ, бұл бағдарламаның нәтижесі қандай боларын бағамдай-ақ беріңіз.
Талас ауданына қарасты Ойық ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 14 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 838 миллион теңге қарастырылған.
Осылайша, Ойық ауылындағы Бейбіт би, Т.Рысқұлов көшесінен Ойық тұйық көшесі, С.Шәкіров көшесі, С.Шәкіров бұрылысы, Қ.Көпежанов, Қ.Көпежанов бұрылысы, Ж.Айтқұлов көшесі, Т.Рысқұлов көшесінен Т.Рысқұлов тұйық көшесі және А.Құнанбаев көшелеріне күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде.
Ал, Тұрымқұл ауылындағы Жаңатоған және А.Иманов көшелерінің 1,6800 шақырымына күрделі жұмыстарын жүргізуде жоспарда бар. Сондай-ақ, Сейілбек ауылындағы 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 50 миллион теңге қарастырылған. Бұдан бөлек, бағдарлама аясында Ойық ауылында бұқаралық спортты дамыту мақсатында дене шынықтыру спорт кешенінің құрылысы қолға алынған. Нысан келер жылы ел игілігіне берілмек.
Есен ӨТЕУЛІ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024