
Ардагер ауыз су проблемасын алға тартты
Ашық аспан астында, санитарлық талаптар сақталына отырып, көшпелі қоғамдық қабылдау Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округінде өтті. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Досымбек Мұсаев, әкімдіктің тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысып, тұрғындарды түрлі мәселелер бойынша қабылдады.
Сұрақтар ағын су, жайылым тапшылығы, электр қуатының төмендігі, ауыз су сынды тақырыптарды қамтыды.
Көшпелі қоғамдық қабылдауда Тегістік ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Жақанша Самылтыров ағын су мәселесі мен жайылым тапшылығын алға тартты. Зейнеткер Бейсен Жүзгенбаев Жібек жолы ауылында электр жарығының әлсіздігін, ауыз су мәселесі мен электр сымдарының төмен салбырап тұрғандығын айтып, жәрдем беруін өтінді. Көкбастау ауылының тұрғыны Күлзипа Сүгірбекова ел игілігі жолында қызмет етіп жатқан азаматтарға алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
Аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы тұрғындардың көтерген мәселелерінің барлығы да кезең-кезеңімен шешілетіндігін жеткізді және жауапты мамандарға тапсырмалар берді. Қабылдауға келген тұрғындар өз проблемаларының оңтайлы шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетініне көз жеткізді.
Қоғамдық қабылдауға қатысқан бөлім, мекеме басшылары өз кезегінде тиісті заңнамалар аясында түсінік жұмыстарын жүргізді.
Келесі мақала
Қосыбатырлықтар тал егіп, үй соғып берді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024