
Қосыбатырлықтар тал егіп, үй соғып берді
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен осымен екінші жыл жүзеге асырылып келе жатқан айтулы шарада байзақтықтар алдыңғы қатардан көрінуде. Соның бір жарқын мысалы, жуырда Қосы батыр есімін иеленген Суханбаев ауылдық округіндегі елді мекенде асарлата салынған баспананың ашылу салтанаты десек артық болмас.
Әрқашан ағайын мен ауылдастар арасындағы ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетіп келе жатқан Суханбаев ауылдық округінің тұрғындары кезекті баспананың аяқталуына себепкер болып, Қосы батыр ауылының тұрғыны Қайрат Құттыбайұлының тұрғын үйін бітіруге көмектесті. Іргетасын құйып, қабырғасын көтеріп, шатырын жапқан Қайрат Әбежанов арада екі жыл өтсе де мүмкіндігі болмай, тұрғын үйінің құрылысын аяқтай алмаған екен. Жалғыз шамасы келмей, жұмысы өнбей жатқан адамға ағайын-туыс, дос-жарандар келіп, жұмысты бірігіп бітіріп тастауға тырысады емес пе? Сондай ауылдас ағайынның ауызбіршілігі осы істе айқын көрініс тауып, атымтай азаматтар қаржылай демеушілік жасаса, енді бірі баспана құрылысына белсене атсалысқан.
Қоныс тойына арналған салтанатты шараға қатысушылар алдымен «Қосы батыр» мешітінің ауласына қылқанжапырақты 30 дана туя ағаштарын отырғызды. Содан соң аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил бастаған топ жаңа тұрғын үйге барып, үй иесінің қуанышына ортақтасты.
- «Асарлату - ата-бабамыздан келе жатқан игі іс. Бұл елді бірлікке, елдікке, ынтымаққа шақыратын, мұқтаж азаматтарымызға, жетім, жесір, аз қамтылған отбасыларға көмек болатын жоба. Сонау атам заманнан жалғасып келе жатқан бұл игі дәстүрдің бүгінгі жаһандану заманында көрініс тауып келе жатқанын біз дәстүр сабақтастығы деп түсінеміз, - деген Бақтияр Мұратұлы аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың атынан құттықтауын жеткізді.
Келесі мақала
Таластың дамуы жолында тер төккендер марапатталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024