Талас ауданының тұрғындары арасында «Парасатты отбасы» атты байқауы өткізілді
Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Талас адалдық алаңы» мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру және бейнероликтер әзірлеу» тақырыбы аясында «Талас ғұмыры» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Балалар өнер мектебінде» аудан тұрғындары арасында «Парасатты отбасы» атты байқауы өткізілді.
Байқауға аудан аумағынан С.Сейфуллин атындағы орта мектебінен «Озықбаевтар отбасы», Жұлдыз аула клубынан «Сатыбалдиевтар отбасы», №1 Мектеп лицейден «Парасатты отбасы», Тамды ауылдық округі, Қойгелді атындағы орта мектебінен «Бақытты отбасы», Аққұм ауылдық округі, Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінен «Жақсылықовтар отбасы», Үшарал ауылдық округі, Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінен «Жүсіповтар отбасы», Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінен «Жас Star», С.Шакиров ауылдық округі, Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінен «Айдарбаевтар отбасы», Мектеп-Лицейден «Ыстық ұя», Қаратау ауылдық округі, Қаратау орта мектебінен «Бөбеевтер отбасы», А.С.Пушкин атындағы орта мектебінен «Парасатты Кузбаковтар әулеті», Балалар өнер мектебінен «Байжановтар отбасы», Ақкөл ауылдық округі, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінен «Әке, Ана және мен» барлығы 13 отбасы қатысты.
Байқау 2 кезеңнен тұрды, яғни таныстыру және өнер. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Парасатты Кузбаковтар, І-орынды Жақсылықовтар отбасы, ІІ- орынды Айдарбаевтар отбасы және Байжановтар отбасы, ІІІ-орынды Жүсіповтар отбасы және Сатыбалдиевтер отбасы, ЖасStar отбасы иеленді. Сонымен қатар «Үздік отбасы» номинациясымен Бақытты отбасы, «Белсенді отбасы» номинациясымен Озықбаевтар отбасы, «Ең шығармашыл отбасы» номинациясымен Парасатты отбасы, «Ең салауатты отбасы» номинациясымен Бөбеевтер отбасы, «Өнерлі отбасы» номинациясымен Ыстық ұя отбасы, «Жомарт отбасы» номинациясымен Әке, Ана және мен отбасы марапатталды. Өз кезегінде, байқауға қатысқан барлық отбасылар түрлі номинациялар бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.