Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Кәмелетке толмағандар мәселесіне қатысты комиссия отырысы өтті

Кәмелетке толмағандар мәселесіне қатысты комиссия отырысы өтті
ашық дереккөз
Кәмелетке толмағандар мәселесіне қатысты комиссия отырысы өтті
Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Серікқызының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
 width=
Комиссияның күн тәртібінде - аудандық прокуратураның Талас ауданы аумағында орналасқан мектептерде, колледждерде мобильдік топтарды құру және жетекшілер мен мүшелерді бекіту туралы өкіміне сәйкес құрылған мобильдік топтың жұмысын қарау.
 width=
Сондай -ақ, аудандағы көпбалалы жайсыз отбасының мәселесі мен оған әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету сұрақтары қаралды. Жиын барысында комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселені талқылап, оңтайлы шешімдер қабылдады.
Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
 width=
Комиссия төрағасы кәмелетке толмаған әр жасөспірімнің қауіпсіздігі ата-ана мен ұстаздардың ұдайы назарында болуын және олардың арасында құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда комиссия дереу шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажеттігін жеткізді.

Талас ауданының әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі комиссиясының мүшесі, аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы
М. Қазанғапов

Ұқсас жаңалықтар