Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Таластың дамуы жолында тер төккендер марапатталды

Таластың дамуы жолында тер төккендер марапатталды
ашық дереккөз
Таластың дамуы жолында тер төккендер марапатталды
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Талас ауданында бір топ азамат марапатталды. Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек марапатталушыларды қастерлі мерекемен құттықтап, азаттық жылдарында еліміз еңсесін тіктеп, ордалы мемлекетке айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, Талас ауданы да мәдени-рухани, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан көптеген жетістікке қол жеткізгенін, мұның барлығы өңір азаматтарының тынымсыз еңбектері мен қолдауының нәтижесі екенін баса айтты. Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен бірқатар азаматтар «Қазақстанның Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерекелік медальдерімен марапатталды. Сонымен қатар өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген аудан азаматтары «Халық алғысы» медалімен, Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы өкіміне сәйкес, 2 азамат «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Одан бөлек, Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігінің шешімі бойынша «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағы еңбек ардагері Тоқтыбаев Базылхан Жұртшыбайұлы мен Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің директоры Маселбеков Докторбек Манатбекұлына берілді. Өз кезегінде, Базылхан Жұртшыбайұлы барша марапатталушылар атынан алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. «Бұл құрмет бізді жаңа белеске жетелеп, жігерлендірері сөзсіз. Мереке құтты болсын!», - деді ол.

Ұқсас жаңалықтар