Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жеке құрам қызметкерлерімен жиын өтті

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жеке құрам қызметкерлерімен жиын өтті
ашық дереккөз
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жеке құрам қызметкерлерімен жиын өтті
Аудандық азаматтық қорғау гарнизонының жеке құрам қызметкерлеріне жеке құрам арасындағы қылмыстармен құмар ойын туралы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілеріне жол бермеумен алкогольдік жағдайда автокөлікті басқару кездегі оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ, Әдеп кодексі туралы жиналыс өтті.
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен Қаратау қалалық №12 өрт сөндіру бөлімі, Ақкөл ауылдық №13 өрт сөндіру бекеті және Қаратау қалалық жедел құтқару жасағының жеке құрамымен «Аманат» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ғ.Сыздықов, аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен Қаратау қалалық №12 өрт сөндіру бөлімі, Ақкөл ауылдық №13 өрт сөндіру бекеті және Қаратау қалалық жедел құтқару жасағының жеке құрам қызметкерлеріне жеке құрам арасындағы қылмыстармен құмар ойын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілеріне жол бермеу, алкогольдік жағдайда автокөлікті басқару кездегі оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ, Әдеп кодексі туралы жиналыс ұйымдастырылды.
 width=
Басқосуға арнайы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қожахметов Мадияр Қырықбайұлы жеке құрамға жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілеріне жол бермеу, алкогольдік жағдайда автокөлікті басқару және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу бойынша дәріс оқыды, сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың дәрігер психиатр-наркологы Жаңабай Толқын, орталық аурухананың психолог-маманы Назгүл Қасымбекова құмар ойындардың зардаптары, алдын алу, маскүнемдік және есірткі заттарын қолданбау тақырыбына кеңінен тоқталып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Талас ауданының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар