Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда болуы тиіс
- NAQ.KZ
- 27 қараша, 2023
- 2.7k


- Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырып, «Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек», – деді Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттына жергілікті бюджеттен 1 миллиард 765 миллион теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, 238 білім беру ұйымы жедел басқару орталығына интеграцияланып, 257-сі дабыл түймесімен жабдықталды. Сондай-ақ, 151-і мамандандырылған күзетпен, оның 149-ы турникетпен қамтамасыз етілді.

Бұл тұрғыдағы жұмыстар жалғасатын болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі де қатаң бақылауға алынуы қажет.
Ағымдағы жылдың 10 айында облыста кәмелетке толмағандар арасында 78 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға төмендеген. Осы бағыттағы шараларды тиісті құзырлы органдармен бірлесе күшейтіп, әрі қарай жандандырған жөн. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықпен бірге, оларға қарсы жасалатын қылмыстарды да назардан тыс қалдырмау керек. Осы мақсатта 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық кешенді жоспар жобасы әзірленді, - деді Ербол Қарашөкеев.

- Бұл шаралар оң нәтиже береді деген сенімдемін. Бала күлкісі мен бақыты ата-аналардың жүрегін риясыз мейірімге толтырады. Әйтсе де, соңғы уақыттары келеңсіз оқиғалар жиілеп кетті. Сондықтан, балалардың қауіпсіздігі ата-ана мен ұстаз үшін де, қоғам мүшелері үшін де әркез басты назарда болуы тиіс,-деді облыс әкімі.
Ал, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров балалардың өз мәселелерін жасыратынын, осы тұрғыда жан-жақты жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.



Жамбыл облысының әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024