


- Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан халқына» қоры құрылған болатын. Бүгінде қор – мемлекеттік қолдау шараларымен қатар, ел азаматтарының өміріндегі түрлі қиындықтарынан шығуына барынша көмек қолын созуда.

Осы бағытта аймақта тиісті жұмыстар жүргізіліп, «Қазақстан халқына» қорының бастамасымен және «Самрұқ-Қазына», «Қамқорлық» қорлары арқылы 4,4 миллиард теңгеге 33 жоба іске асуда. Оның бір көрінісі – құны 306,6 млн. теңге болатын облыстық балалар ауруханасындағы осы «Ерте араласу орталығы».

Бұл өз кезегінде облыстың әлеуметтік саласының дамуына мол серпін берді. Облыста бүгінде үш жасқа дейін 96 953 бала болатын болса, 970-сі орталық жүйке жүйесінің аурушаңдығына байланысты диспансерлік есепте. Бұл орталық балалар арасындағы жүйке жүйесіне байланысты ертерек болатын мүгедектіктің алдын алу шараларымен айналысатын болады.

Сәбиге уақытында, дер кезінде медициналық көмек көрсету – оның болашағы мен ата-анасы үшін өте маңызды. Тәжірибелі мамандардың көмегі арқылы уақытында ем алу оң нәтиже берері сөзсіз,-деді Ербол Қарашөкеев.


Жамбыл облысының әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024