Жамбыл облысында аутизмі бар балаларды қолдау орталығы ашылды
- NAQ.KZ
- 1 желтоқсан, 2023
- 1.9k


- Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектігі бар азаматтарға қарым-қатынасымен айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамда тең жағдай жасау және оларға қамқорлық көрсету мемлекеттің борышы болып табылады.

Мемлекет басшысы бастамасымен әлеуметтік жағынан әлсіз, мүмкіндігі шектеулі жандар жан-жақты қолдауға ие болуда. Бұл бағытта облыста да игі істер іске асырылуда. Облыста 45 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тіркеліп, оларды қолдауға ағымдағы жылы 3,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Тиісті бұйымдармен толық қамтамасыз етілуде.

Ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да кезең-кезеңімен жаңартылуда. Соның бірден-бір көрінісі ретінде осы Аутизмі бар балаларды қолдау орталығының ашылуын айта аламыз,-дей келе облыс әкімі нысанды қайта жөндеуден өткізіп, оны толық жабдықтауға қолдау көрсеткен «Қазақстан халқына», «Самұрық-Қазына» қорларына облыс тұрғындары және ем алушы балалардың ата-аналары атынан алғыс білдірді.
Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» қоры Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қамқорлық қоры» Әлеуметтік қорының директоры Арайлым Еркінова сөз алып, жалпы аутизмге шалдыққан балалардың сауығуына орталық мамандарымен, қоғам қолдауы ауадай қажет екендігін атап өтті.

- Бізде 30-ға жуық түрлі кабинет бар, олардың барлығы қажетті жабдықтармен жабдықталған. Бізге медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы негізінде және оңалтудың жеке бағдарламасы болған жағдайда қол жеткізуге болады, - деді Р. Каримова.

Жамбыл облысының әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024