
Таластық оқушылар Тараздың тарихымен танысты
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жерге тағзым» жобасы аясында көпбалалы отбасынан шыққан 15 оқушы Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының киелі орындарын аралап, олардың тарихымен танысып қайтты. Аудандағы туризмді дамытуға бағытталған іс-шара жоспарына сәйкес қолға алынған саяхат аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен «Жұлдыз» аула клубының ұйытқы болуымен жүзеге асты.
Тарихи орындарды тамашалау барысында оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қатысты мекеме тарапынан арнайы бұйрық шығарылып, аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Р.Қоныс, «Жұлдыз» аула клубының әдіскері Т.Қожабекова және жетекші А.Үсенқұлова, нұсқаушы Ф.Атеева жетекшілік жасады.
Жалпы, балалардың барып келу шығыны, түскі асы, мұражайларға кіру билеті аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан ұйымдастырылды.
Саяхат барысында оқушылар Тараз қаласының тарихына қанығып, «Көне Тараз» археологиялық саябағы, сондай-ақ, жаңадан бой көтерген «Шахристан» этно-мәдени орталығына, Тектұрмас, Айша бибі, Бабажы-қатын кесенелерінде болды.
Жеткіншектер экскурсиядан елдің тарихымен танысып, киелі орындарды өз көздерімен көріп, ерекше әсерге бөленгенін айта кетуіміз керек. Жалпы, шараны ұйымдастырудағы мақсат та осы болатын.
Келесі мақала
Танымал таластық түлектер форумда бас қосты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024