
Танымал таластық түлектер форумда бас қосты
Түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген азаматтардың табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын. Ел ішінде кеңінен қолдау тапқан жоба аясында Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында «Жомарт түлек-2021» форумы өтті. Игі шара Таластан түлеп ұшқан белгілі тұлғалар мен туған жердің дамуына үлес қосып жүрген атымтай азаматтарды қамтыды.
Форумға еліміздің әр өңірінде жемісті еңбек етіп жүрген азаматтар арнайы келсе, олардың бірқатары пандемия жағдайына байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып, онлайн арқылы тікелей эфирге шықты.
Шара барысында сөз алған аудан әкімі Қанатбек Мәдібек: «Кездесуді ұйымдастырудағы негізгі міндет-азаматтарды туған өлкенің әлеуметтік мәселелерін бірлесе отырып шешуге шақыру. Оның ішінде, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Елге бүйрегі бұрған жомарт жандардың атсалысуымен осы уақытқа дейін 308 млн. теңге болатын 16 жоба жүзеге асты. Мәселен, «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша өткен жылы 6 отбасы баспанамен қамтылса, биылғы жылдың өзінде Есейхан ауылында 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін», - деп жоба шеңберінде демеушілік жасап, қолдау көрсетіп жүрген бір топ азаматқа «Жомарт түлек-2021» сыйлығын тапсырды.
Форумда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тахир Балықбаев, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев, «Тұран» университетінің оқу-әдістемелік жұмыс және тәрбие жөніндегі проректоры Қали Әбдиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әншісі Мұқасан Шахзадаев бейнебайланыс арқылы жүрекжарды лебізін білдірді. Сондай-ақ, форумға арнайы қелген Тараз қаласы мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, «Talas investment Company» ЖШС-нің басқарушы директоры Бақтияр Алдашов, жазушы, журналист, Жамбыл облыстық мұражайының директоры Көсемәлі Сәттібайұлы, ауданның Құрметті азаматы, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ облыстық филиалының директоры Қыстаубай Сағынтаев мұндай кездесудің жастар үшін маңызды екендігіне тоқталып, түлектердің ісіне сәттілік тіледі.
Өз кезегінде мұндай шаралардың игі бастамаларға негіз болатынын алға тартқан ауданның Құрметті азаматы, танымал кәсіпкер, меценат Досан Рымтаев өзі басқаратын серіктестік меншігіндегі Қаратау қаласындағы көпқабатты бос тұрған ғимаратты («Қаратау» қонақ үйі) ел игілігіне тарту етті.
Барлығы ауданның көркеюі және ел игілігі үшін жасалып отыр. Алдағы уақытта құрылыстың басы-қасында жүріп, жөндеу жұмыстарына да атсалысатын боламыз,-деді ол.
Бұдан бөлек, форумға қатысушылар ауыл-аймақтарда түлектердің демеушілігімен бой көтерген нысандарды бейнеролик арқылы тамашалады.
Келесі мақала
Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер бақ сынасты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024