
Майдангерлерге мың тағзым!
Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс басқыншыларына қарсы таластықтар да ерлікпен шайқасып, қаһармандық пен қайсарлықтың нағыз үлгісін көрсетті. Ауданнан аттанған үш мыңнан аса азамат оқ пен оттың ортасында жүріп, жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Олардың қатарында полк басқарған, гвардия полковнигі Сымық Бертаев, батальон басқарған, гвардия майоры Рәтай Сұлтанбеков, рота командирі Тұрымқұл Мақашев, Кеңес Одағының батырлары Амантай Дәулетбеков және Сәду Шәкіров болды.
9 мамыр - Жеңіс күніне орай, ел қорғаған ерлерді еске алу үшін Қаратау қаласының жұртшылығы «Даңқ» мәңгілік алау монументіне жиылып, майдангерлерге тағзым етті.
Отан үшін от кешкен қаһармандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ, бұл күні «Жеңіс» автокеруені қала көшелерінен жүріп өтсе, орталық алаңда Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының ұйымдастыруымен мерекелік концерт берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024