Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Соғыстың Таластағы соңғы солдатына құрмет

Соғыстың Таластағы соңғы солдатына құрмет
ашық дереккөз
Соғыстың Таластағы соңғы солдатына құрмет
Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңіс жолында жанқиярлық танытқан майдангерлердің қатары жыл сайын кеміп келеді. Өкініші сол, бүгінде аудан бойынша қанды қырғынды көзбен көріп, оқ пен оттың ішінде болған бір ғана майдангеріміз ортамызда. Ол - Мария Бурулева. Биыл жасы 95-ке шыққан ардагердің шаңырағында болған аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев, аудан әкімінің орынбасарлары Қайрат Серимов, Төрехан Қойлыбаев, Роман Қырықбаев және қала әкімі Мақсат Рысбаев мерекелік тілегін білдіріп, құрмет көрсетті. -Жеңіс күні Отан үшін кеудесін оққа тосқан батырмен бірге қарсы алу-бүгінгі ұрпақтың бақыты. Сондай сәтті бізде бастан кешіріп отырмыз. Сіздердің ерліктеріңізбен келген Жеңіс күні құтты болсын, - деген Қадірбек Рысқұлбекұлы аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің құттықтауын жеткізді. Өз кезегінде қарт майдангер көрсетілген ілтипатқа ризашылығын білдірді.  

Ұқсас жаңалықтар