
Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалады?
Референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен бөлінеді. Мұстафинаның сөзінше, комиссия шотына ақша әлі түспеген. "Бұл соманың 21 пайызы (3 миллиард 456,6 миллион теңге) дауыс беру учаскелерін материалдық-техникалық көмек көрсетуге, референдумның орталық, учаскелік және аумақтық комиссияларының жұмысын жүргізуге, баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ, ақпараттық қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге кетеді", - деді Мұстафина. Оның айтуынша, шығынның басым бөлігі баспа өнімдерін, соның ішінде бюллетеньдерді, сонымен қатар, нашар көретін және зағип жандарға арналған трафареттерге кетеді. "79 пайыз (13 миллиард 3 миллион 400 мың теңге) комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Еңбекақы ел бойынша орташа айлық жалақы көрсеткішіне сай", - деп түсіндірді Сәбила Мұстафина.
Келесі мақала
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Ерлан Саиров: Топан су – 30 жыл бойы қалыптасқан көзбояушылықтың көрінісі
- авторAdmin
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024