
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Ақтөбеде есірткі сатты деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды. Оның қашан, қалай ұсталғанын полициядағылар ашып айтпай отыр. Белгілісі, жігіт қалалық полиция бөлімінің қызметкері екен. Оған қатысты қылмыстық кодекстің "есірткі заттарын дайындау, сақтау және сату" және "қызметтік жалғандық жасау" баптары бойынша іс қозғалған. Оның бар мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Полиция старшинасы қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіптік комиссияның шешімімен полиция қызметкері ішкі істер органынан босатылды, полиция бөлімінің бастығы атқаратын қызметінен босатылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024