
Қостөбе мен Бурылдың арасындағы жол теп-тегіс
Байзақ аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 132 шақырымнан асып жығылатын болса, елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 421,1 шақырымды құрайды. Биыл жақсы жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95 пайызға, елді мекен көшелерінің үлесін 91,4 пайызға жеткізу жоспарланған. «Ағымдағы жылы облыстық және аудандық бюджеттен 50/50 паритеті негізінде 151 525,4 мың теңге бөлініп, жалпы 7,73 шақырымды құрайтын 2 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу көзделген еді. Оның ішінде Қостөбе-Бурыл аралығына 76 млн теңге қаралса, Тараз бен Талас станциясының аралығына 75 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ 2 аудандық маңызы бар жолдарға республикалық бюджеттен 33 пайызы және аудандық қазынадан 33 пайызы қаралды. Қазіргі таңда Тараз бен Талас станциясының арасындағы 3,937 шақырым автожолға асфальт жамылғысы төселіп, жұмыстардың 90 пайызы орындалды», - деді аудан әкімі Бақыт Қазанбасов.
Қостөбе-Бурыл ауылдарын жалғайтын 3,66 шақырым автомобиль жолының 2 шақырымына асфальт жамылғысы төселіп, ондағы шаруаның 70 пайызы біткен көрінеді.
Салаға жауапты мамандар Байзақ ауданында биыл бұл бағытта қыруар шаруа атқарылғанын әңгімеледі. Әсіресе, елді мекендердің ішіндегі көшелерді жөндеу жұмыстарына айрықша назар аударылып жатыр екен. Бұл орайда, мемлекеттік бағдарламалардың орасан зор пайдасы тиіп жатыр. Ал тұрғындар жолдардың жөнделгеніне дән риза.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024