Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Байзақ ауданында тағы 16 көшені жөндеу жұмыстары аяқталып қалды

Байзақ ауданында тағы 16 көшені жөндеу жұмыстары аяқталып қалды
ашық дереккөз
Байзақ ауданында тағы 16 көшені жөндеу жұмыстары аяқталып қалды
Байзақ ауданында биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 297 855,5 мың теңге бөлінген. Бұл қаражатқа жалпы 13 шақырымға жуық қашықтықты құрайтын 16 көшеге республикалық бюджеттен 90 пайызы және облыстық бюджеттен 10 пайызы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған екен. Жоспарға сәйкес Түймекент ауылындағы көшелерге орташа жөндеу жұмыстары 1 қыркүйек күні басталған. «Қазіргі таңда Дүкенбайқызы көшесінің 1,45 шақырымы, Рысқұлов көшесінің 1 шақырымы, Нахманұлы бұрылысының 0,5 шақырымнан астамы, Жасұлан көшесінің 0,420 шақырымы асфальт жамылғысымен қамтылып, жұмыстардың 90 пайызы орындалды. 1,8 шақырымды құрайтын Ж.Жабаев көшесі бойынша мердігер компаниямен келісім-шарт жасалып, нақты шаралар басталып кетті», - деді аудан әкімі Бақыт Қазанбасов. Оның айтуынша, аудандағы Суханбай ауылдық округіндегі жолдарға 25 тамыз күні орташа жөндеу жұмыстары басталған. Жақаш ауылындағы 0,8 шақырым болатын Орынбек көшесіне де, 0,250 шақырымдық Суханбай көшесіне де асфальт жамылғысы төселген, енді аз-маз шаруаларын тиянақтау керек. Қарасу ауылындағы Қарасу мектебінің кіреберісіне жарты шақырымға тарта асфальт жамылғысы төселіпті. Ондағы шаруалар да межесіне жетіп жығылған. «Аудандағы Көкозек ауылының жарты шақырымнан асатын Абдуалиев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бітуге таяу. Дихан ауылдық округіне қарасты Аймантөбе ауылының да 1,2 шақырымды құрайтын Алашбаев және осынша ұзындыққа жететін Тоқтарбай көшелеріне орташе жөндеу жүргізілді. Ал Дихан ауылындағы жарты шақырымдық Сүлейменов, 0,15 шақырымдық Молдашбаев, 1 шақырымға жетер-жетпес массив Жас шаңырақ, жарты шақырымға жуық Сағынбек, 1,2 шақырым Тілегенов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Бақыт Алпысбайұлы. Сонымен қатар «Жол активтерінің Сапа орталығымен» 7253,8 мың теңгеге келісім шарт жасалған екен. Орталық аталған орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген соң, жолдардың сапасына қорытынды жасайды. Аудандық мәслихат сессиясы отырысының бюджетті нақтылау кезінде оның 4 000 мың теңгесі қарастырылып, қалған 3253,8 мың теңге қаражат 2022 жылға өтпелі кезеңге қалдырылған.

Ұқсас жаңалықтар