Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Байзақта түрлі мәндегі жолдар қысқы маусымға дайын

Байзақта түрлі мәндегі жолдар қысқы маусымға дайын
ашық дереккөз
Байзақта түрлі мәндегі жолдар қысқы маусымға дайын
Байзақ ауданы аумағындағы облыстық мәндегі 134 шақырым және аудандық мәндегі 132,7 шақырым, барлығы 266,7 шақырым автомобиль жолдарын қыс мезгілінде тазалауға 2020-2021 жылдары «Рауан» ЖШС-мен келісім-шарт жасалған екен. Облыстық маңызы бар жолдарға –11 млн 314 мың теңге және аудандық маңызы бар жолдарға – 5 млн теңге, барлығы 16 млн 314 мың теңге қаралып, нақты жұмыстар атқарылған. «Тарқатып айтатын болсақ, тек биылғы қараша, желтоқсан айларына облыстық маңызы бар жолдарға – 6 млн теңге және аудандық маңызы бар жолдарға 3 млн теңге қаралды. Ал келесі жылғы қаңтар, ақпан айларына облыстық маңызы бар жолдарға – 5 млн. мың теңге және аудандық маңызы бар жолдарға 2 млн.теңге қаралды. Барлығы 7 млн теңгеге «Рауан» ЖШС-мен келісім шартқа отырдық. Республикалық маңызы бар 49 шақырымды, яғни 453-502 шақырым аралығындағы автомобиль жолдарын қысқы-жазғы маусымдарда «Қазавтожол» ЖШС күтіп ұстайды», - деп түсіндірді аудан әкімі Бақыт Қазанбасов. Оның айтуынша, көк тайғақ кезінде шашатын құм, тұз, және арнайы техникалар қыс мезгілінде жұмыс атқарады. Облыстық маңызы бар 134 шақырым және аудандық маңызы бар 132,7 шақырым  автомобиль жолдарын қысқы маусымда «Рауан» ЖШС күтіп ұстайды. Көк тайғақ кезінде шашатын 800 текше метр құм мен 300 тонна тұз мекеменің базасындағы жабық бастырмада сақталған. Сонымен қатар, 45 тонна жанар-жағар май, оның ішінде 30 тонна дизель отыны, 15 тонна бензин дайындалған. «Жалпы, қысқы маусымдағы жағдайларға 15 техника жұмылдырылады. Нақтылай айтқанда, қар тазалағанға 3 дана автогрейдер – GR - 215, MG-185, ЖЗ-98В001-01 сақадай сай. LW – 500 маркалы 2 дана погрузчик те жіті тексеруден өтті. 3 Камаз – 65115 самосвалы, 1 құм шашатын МТЗ-82.2 тракторы бар қолданысымызда. Сондай-ақ 3 дана МТЗ – 80 тракторы, 3 дана Камаз, Ко-823 арнайы техникалары қысы-жаз жұмыс істейді. Мұның бәрі боксқа кіргізілсе, инертті материалдар бастырма астына жиналған», - деді Бақыт Алпысбайұлы.

Ұқсас жаңалықтар