Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Байзақтықтардың 95,3 пайызы көгілдір отыр желісіне қосылған

Байзақтықтардың 95,3 пайызы көгілдір отыр желісіне қосылған
ашық дереккөз
Байзақтықтардың 95,3 пайызы көгілдір отыр желісіне қосылған
Байзақ ауданындағы 43 елді мекеннің 41-індегі тұрғындарға табиғи газбен қамтылған. Бұл жалпы көрсеткіштің 95,3 пайызын құрайды. Барлық ауылдардағы 17 312 ауланың 16 216-сы бүгінде көгілдір отынды тұрақты пайдаланады. Қалған 1 096 отбасы қысқы жылыту маусымы уақытында көмір отынын тұтынады. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, 2017 жылға дейін 22 елді мекеннің тұрғындары көгілдір отын желісіне қосылған екен. Бұл сол кезде жалпы санның 51,1 пайызын құраған. Халық санымен есептегенде 73 265 адам немесе 69,6 пайызы табиғи газдың игілігін көрген болатын. Ал 2017-2019 жылдар аралығында елді мекен тұрғындарының қаражаты есебінен 10 ауылға, яғни Тегістік, Кеңес, Абай, Ақтөбе, Жанасаз, Көкбастау, Жібек жолы, Тегістік, Жаңатұрмыс, Мәдімар ауылдарына көгілдір отын жеткізіліген. «Тұрғындар есебінен тартылған газ құбырларының диаметрлері талапқа сәйкес болмауына байланысты бюджет есебінен 21 елді мекенге (Абай, Ақтөбе, Жаңасаз, Тегістік-1, Сарыбарақ, Шахан, Кеңес, Төрткөл, Көкбастау, Тегістік-2, Ақшолақ станциясы, Жібек жолы, Жаңатұрмыс, Төрекелді, Қайнар разъезді, Үшбұлақ станциясы, Жақаш, Қарасу, Көкөзек, Ақжар, Ынтымақ) орта қысымды газ құбырын жеткізу үшін облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Комби Строй 1» ЖШС арасында келісім-шарт жасалды. 2019 жылы облыстық бюджеттен қаралған 1 365 млн теңгеге 11 елді мекенге – Үшбұлақ, Қайнар, Төрегелді, Көкбастау, Жақаш, Қарасу, Көкөзек, Ақжар, Тегістік, Сарыбарақ, Шахан ауылдарына орта қысымды магистралды газ құбыры тартылды. Әр ауыл ішіне ШРП қойылып, тұрғындар газ жүйесіне қосылып жатыр», - деді Бақыт Алпысбайұлы.

Ұқсас жаңалықтар