Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Байзақтықтардың 95,3 пайызы көгілдір отыр желісіне қосылған

Байзақтықтардың 95,3 пайызы көгілдір отыр желісіне қосылған
ашық дереккөз
Байзақтықтардың 95,3 пайызы көгілдір отыр желісіне қосылған
Былтыр облыстық бюджеттен бөлінген 700 млн теңге қаражатқа Байзақ ауданындағы Мәдімар ауылына дейін орта қысымды магистралды газ құбыры тартылған болатын. Сонымен қатар, биыл қазынадан қаралған 1 100 млн теңгеге қалған 2 елді мекенге – Ақшолақ пен Төрткөл ауылдарына орта қысымды магистралды газ құбырын тарту жұмыстары жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 2022 жылдың соңына дейін жыл қорытындысы бойынша аудан аумағында орналасқан 43 елді мекен толық көгілдір отынмен қамтылатын болады. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Ақшолақ ауылының тұрғындарымен бірнеше жиын ұйымдастырылған екен. Қазіргі таңда Ақшолақ ауылындағы 130 ауланың 90 ауласына газ құбыры кіргізіліпті. Қалған 40 аула тұрғындары қаражат жинап, газ құбырын аулаларына қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. «Аиалған ауылға дейінгі орта қысымды газ құбыры жеткізілген жағдайда ауыл тұрғындары көгілдір отынмен толықтай қамтамасыз етілетін болады. Нақтылай айтқанда, 1 аулаға шаққанда 330 000 теңгенің айналасында қаражат жиналуда», - деп атап өтті Бақыт Алпысбайұлы. Айта кетейік, Байзақ ауданындағы 43 елді мекеннің 41-індегі тұрғындар толық табиғи газбен қамтылған. Бұл жалпы көрсеткіштің 95,3 пайызын құрайды. Барлық ауылдардағы 17 312 ауланың 16 216-сы бүгінде көгілдір отынды тұрақты пайдаланады. Қалған 1 096 отбасы қысқы жылыту маусымы уақытында көмір отынын тұтыну үстінде.  

Ұқсас жаңалықтар