Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси портал

Байланыс

Қордай ауданында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің орталығы ашылды

Қордай ауданында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің орталығы ашылды
ашық дереккөз
Қордай ауданында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің орталығы ашылды

Бұл туралы «NAQ.kz» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.  width= Қазақстан Рерпубликасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы «Дені сау ұлт - әрбір азамат үшін сапалы және қол жетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы және «Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы денсаулығын түзету» қағидалары бойынша бір жылдан бері Жамбыл облысында бірқатар игі іс-шаралар жасалуда.  width= 2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Меркі, Талас аудандары мен Тараз қалалық 5-емханасында ашылған «Үздік тәжірибелер орталықтары» бүгінде елімізге үлгілі орындар ретінде саналып, ол бойынша аймақта түрлі оқулар мен семинар-тренингтер өткізіліп, озық тәжірибелер жұмысы басқаларға ұсынылуда.  width= Үздік тәжірибелер орталығының тәжірибесіне арналған ШЖҚ МКК «Қордай аудандық орталық ауруханасында» бастапқы медико-санитарлық көмектің пациентке бағытталған жаңа моделін енгізу жөніндегі конференцияда басқарма басшысы кіріспе сөз сөйлеп, мекеме ұжымына сәттілік тілеп, алғашқы медициналық көмек көрсетудің үздік әдіс-тәсілдерінен мысалдар келтіріп, алдағы уақытта аудандық ауруханаға тиісті міндеттер мен ұсыныстар белгілеп берді.  width=  width= Аурухана бас дәрігері Зауреш Қадырбекованың аудандық денсаулық сақтау жүйесіндегі жетістіктер мен атқарылған жұмыстар, белгіленген міндеттер мен жоспарлар легі туралы баяндамасын тыңдады.  width= Облыстың бас дәрігері Жанар Оспанова Қордай ауданында халық денсаулығын сақтау мен арттыру жөнінде атқарылған жұмыстарға тиісті деңгейде жоғары баға беріп, конференцияға қатысуға және тәжірибе алмасуға келген облыстық емдеу мекемелері басшыларына озық үлгілер дәстүрін жалғастыруды ұсынды.  width= Қордай ауданында ашылған орталық жаңаша үрдістер мен заманауи технологиялық жетістіктерді өз жұмыстарына пайдалана отырып, аудан халқына бастапқы медициналық көмек көрсетудің үлгісін көрсетпекші.

Ұқсас жаңалықтар