Қордай ауданында "Salayatty jastar" жастар денсаулық орталығы ашылды
- NAQ.KZ
- 15 қазан, 2023
- 1.6k

Қордай ауылынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан Әлжан ана ауылында "Salayatty jastar" жастар денсаулық орталығы ашылды. Бұл туралы «NAQ.kz» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. Жастар орталығын ашудың негізгі мақсаты, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастарға жоғары білікті медициналық-психологиялық және тегін медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы жасөспірімдердің, жастардың денсаулығын сақтау және әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, салауатты өмір салты ережелерін сақтау, дене бітімінің тазалығы мен гигиенасын, рухани және әлеуметтік салауаттылықты сақтау, ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізу және барлық ауыл тұрғындарын салауаттылыққа шақыру. “PREMARY HEALTH CARE" Ұлттық қауымдастығының қатысуының Президенті, профессор Төлебай Рақыпбековтың және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың, аудан әкімдігі басшылығының қатысуларымен өткен іс-шарада аудан жастары көңілді би билеп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Алдағы уақытта орталық өз міндетіне сай, аудан жастары мен жасөспірімдеріне рухани және әлеуметтік, медициналық-психологиялық көмек көрсететін орын болмақшы. Бұл үшін жаңа мекемеде барлық қажетті тиісті жағдайлар жасалынған.
Сондықтан, басқарма басшысы жаңа орталық жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта атқарылар жұмыстары мен белгіленген жоспарларының іске асуына қолдау беретіндігін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында алғаш рет жүрекке күрделі түрдегі бірегей ота жасалды
- авторNAQ.KZ
- 16 маусым, 2023
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024