
Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер бақ сынасты
Қаратау қаласындағы Орталық саябақта аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Кіл мықтылар бақ сынаған байқауға ауыл-аймақтардан 12 үміткер қатысты. Шара «Таныстыру», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес», «Күш атасын танымас», «Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар» сынды кезеңдерді қамтыды.
Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған ауданның Құрметті азаматы Байұзақ Көлбайұлы, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұрсұлтан Манатбеков мерекелік лебіздерін білдіріп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шара қорытындысы бойынша Берікқара ауылдық округінен келген Қ.Әмірбеков бірінші орынды иеленсе, Қаратау қаласынан қатысқан Д.Сұлтанқұл мен қызыләуіттік Е.Бекетаев екінші орынға лайық деп танылды. Ал, үшаралдық Д.Таңат пен Кеңес ауылдық округінің намысын қорғаған З.Тұрым үздік үштікті түйіндеді.
Барлық қарсыласынан басым түсіп, байқаудың бас жүлдесін иеленген қызыләуіттік Әділет Шохалақовқа облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауының жолдамасы бұйырды.
Келесі мақала
Соғыстың Таластағы соңғы солдатына құрмет
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
- авторNAQ.KZ
- 21 сәуір, 2024
Шұғыл
Өскеменде алапат өрт болды
- 21 сәуір, 2024
Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді
- 21 сәуір, 2024